Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Солтанбаев онлайн брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, осы демалыс күндері Медеу ауданындағы адамдар көп жиналатын орындарда карантин шараларының сақталуын тексеру үшін 4 мониторинг тобы құрылған. Оның құрамында жергілікті полиция қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері мен аудан әкімдігінің қызметкерлері бар.
Осы уақытқа дейін мониторингті топ 472 нысанды тексерген, соның ішінде 89 нысаннан келушілер шығарылып, жұмысы уақытша тоқтатылды. Санитарлық талаптарды жиі бұзатын нысандар қатарында «Артист» түнгі клубы, «Туысқан» бары, «Гастробар», «Небо», «Бар танцы», «Взлетка», «Синий фонтамас», «Манона» мейрамханасы және тағы басқалары бар,-дейді Солтанбаев.
Сонымен қатар ол қалада ұзату және үйлену тойларын жасау әлі де тоқтамай отырғанын жеткізді.
17 қазан күні кешкісін «Балрум» мейрамханасында банкет болып жатқаны анықталды. Осы демалыс күндері де мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеп, «Пугассо» мейрамханасында 50-ден көп адам жиналғанын анықтады. Сол себепті жиын тоқтатылды,-дейді ол.
7-8 қараша күндері мониторингті топтар күшейтілген режимде жұмыс істеген. Күндіз 104 банкет залы тексеріліпті.
Тексеріс барысында 11 нысаннан қонақтар шығарылып, уақытша жабылды. Бұл нысандар сантитарлық нормаларды сақтамаған. Соның ішінде түнгі екі клубқа келген 52 адам Аудандық полиция басқармасына жеткізілді,-деді әкімінің орынбасары.