Банк картасын «жалға беру»: Қызылордада 5 тұрғын жауапқа тартылды

Банк есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына 20 000 теңге сыйақыға берген.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:28
Бүгiн 2026, 18:28
168
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қызылорда облысында өз есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына берген 5 азамат қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жеңіл жолмен пайда табу мақсатында Қызылорда қаласының тұрғыны өзіне тиесілі банк есепшотын үшінші тұлғалардың пайдалануына 20 000 теңге сыйақыға беріп, дроперлікпен қызметпен айналысқан.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 232-1 бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Өз кезегінде, дроперлер алаяқтық схемаларда делдал ретінде әрекет етеді. Олардың негізгі қызметі - заңсыз жолмен келген ақшаны қабылдау, оларды басқабанктік шоттарға аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беру болып табылады. Аталған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты заңнамамен кінәлі тұлғаларға айыппұлдан бастап 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Егер адам заңсыз схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін, - деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда «көмекке келген» фельдшер науқастардың ақшасын жымқырып, несие де рәсімдемек болған. 

 

Наверх