Сейсенбі күні Бангладеш астанасы және елдегі ең ірі қала Даккада орналасқан үйде жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, тағы 140-тан астам адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
The Daily Star хабарлағандай, оқиға орнында 11 өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Жарылыс салдарынан жақын жерде орналасқан бес және жеті қабатты үйлер зардап шекті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы туралы мәлімет жоқ.
Жарылыс күндіз мемлекеттік автобус қызметін қамтамасыз ететін БРТК автобус тұрағына жақын жерде болды. Оқиғаның себептері айтылмады.
Қазір жарылыстың себептері анықталып жатыр.