Бангладеште дауылға байланысты эвакуация жүріп жатыр

25 Қазан 2022, 19:29
880
Бөлісу:
Бангладеште дауылға байланысты эвакуация жүріп жатыр

Бангладеште «Ситринг»  дауылына байланысты жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Дүлей жел бүгін елдің оңтүстік жағалауына сағатына 90 шақырым жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр. 

Осыған байланысты ел аумағында 3 миллион адамды паналататын 7 мыңдай қауіпсіз орталық ашылған. Жағажайға жақын қалалар мен ауылдарға алдын-ала іздестіру-құтқару топтары орналыстырылып жатыр. Ал ауа райын болжаушылардың хабарлауынша, дауылмен бірге қалың жаңбыр жауып, су тасқыны жүру қауіпі жоғары.

Өзгелердің жаңалығы