Бангкокте пойыз автобус пен бірнеше көлікті қағып, сегіз адам қаза тапты

Теміржол өткеліндегі апаттан кейін бірнеше көлік өртеніп кетті.

 pixabay.com 16 Мамыр 2026, 19:52
16 Мамыр 2026, 19:52
890
Фото: pixabay.com

Бангкокте теміржол өткелінде жүк пойызы жолаушылар автобусы мен жеңіл көліктерді соғып, салдарынан сегіз адам көз жұмды.

Бұл туралы Thairath басылымы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, көліктер кептелісте тұрып қалған сәтте пойыз келіп соққан. Ол кезде өткелдегі шлагбаум ашық тұрған. Апаттан кейін автобус пен бір жеңіл көлік өртеніп, жалын тез тараған. Соның салдарынан тағы он шақты көлік отқа оранған.

Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Олардың нақты саны әлі анықталып жатыр.

Наверх