Жайық өзенінен Ербол Құсайыновтың денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы полиция 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған, 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың денесі Жайық өзенінен 13 қыркүйек күні сағат 9:30 шамасында балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта анықталып, табылды.
Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.