Атырауда балыққа кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестірілуде

12 Қыркүйек 2023, 21:30
726
Бөлісу:
Атырауда балыққа кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестірілуде
Фото: polisia.kz

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 қыркүйек күні 1987 жылғы Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған. 

Атырауда балыққа кетіп, із-түзсіз жоғалған ер адам іздестірілуде

Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған. Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауыңызды сұрайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы