ТЖМ қысқы балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұздың қалыңдығын тексеріңіз - мұзға қауіпсіз шығу үшін оның қалыңдығы бір адамға кемінде 10 см болуы керек.
Мұзға жалғыз шықпаңыз.
Ауа-райына сәйкес киініңіз, жылы қолғаптар мен сырғанамайтын табаны бар аяқ киім туралы ұмытпаңыз.
Құтқару құралдары - арқан, құтқару жилеті және ысқырықты өзіңізбен бірге алыңыз.
Мұзды бұрғылау кезінде абай болыңыз.
Ауа - райын қадағалаңыз, ауа-райы нашарлаған кезде мұздан кеткен дұрыс.
Алкогольді ішпеңіз-бұл реакцияны азайтады және қауіпті арттырады.
Осы қарапайым ережелерді сақтау қысқы балық аулауды қауіпсіз өткізуге көмектеседі.