Балуандар әлем чемпионатына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді

14 Қыркүйек 2019, 08:43
1614
Бөлісу:
Балуандар әлем чемпионатына қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы «Барыс-Аренада» күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Әлемдік додаға қатысу үшін спортшылар Қазақстан астанасына келді, деп хабарлады Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатысушылар саны рекордты деңгейге жетті. Лицензиялық біріншілікке қатысуға жалпы есебі 1002 спортшы өтінім берген. Ал әлемдік доданың тікелей көрсетілімі 104 мемлекетке таралады. 

Әлем чемпионатына әр жылдары жеңіске жетіп, жанкүйерлер көзайымына айналған 60 Олимпиада чемпионы келді. Олардың қатарында қазіргі таңда күресетін спортшылар да бар.

Сондай-ақ, әлемнің әр түкпірінен келген журналистер саны 250-ге жетті. 

Әлем біріншілігінде олимпиадалық салмақтар бойынша алтылыққа енген балуандар Токио Олимпиадасына жолдама алады.

Ал ірі спорттық оқиғаны ұйымдастыру үшін 1 миллиард теңге жұмсалған. Бүгінге дейін әлем чемпионатының 15 мың билеті сатылып кетті.

Өзгелердің жаңалығы