Балқаштағы наразылық. Әкім тұрғындармен кездесті

5 Қыркүйек 2023, 15:04
1290
Бөлісу:
Балқаштағы наразылық. Әкім тұрғындармен кездесті
Фото: Балқаш қаласы әкімдігі

Балқаш әкімі қала іргесіндегі жаңа қоқыс полигонының құрылысына наразы халықпен кездесті. Кездесуге жүзге жуық халық жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігінің Қарағанды облысындағы тілшісі.

Жаңа қоқыс полигонының орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Қоқыс полигонын салмас бұрын Балқашта қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Бұл жайында қала әкімі тұрғындармен кездесуде айтты.

Жаңа полигонның орны Қоңырат ықшамауданынан солтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым және Балқаш қаласының әуежайынан шығысқа қарай 15 шақырым қашықтықта болады деп жоспарлануда. Полигон құрылысына жер учаскесі «BIOECOSERVISE SBA» компаниясына бөлінді. Бүгінгі таңда инвестор полигон құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, экологиялық нормативтерден рұқсат алуда. Ол жерде топографиялық-геодезиялық жұмыстар жүргізіліп жатқан еді. Қазір олар уақытша тоқтатылды, - дейді қала әкімі Сапар Сатаев.

Оның айтуынша, полигонның құрылысы заманауи, экологиялық стандарттарға сай жобалық-сметалық құжаттамадан өтіп, қоғамдық тыңдаудан өткеннен кейін басталатын болады. Экологиялық кодекс бойынша нормаларға сәйкес осы полигонда замануи сұрыптау кешені, қоршау және утилизация көзделетін болады.

Қоңырат елді мекенінің тұрғындары болса, полигон құрылысына қарсы екендіктерін айтуда.

Балқаштағы наразылық. Әкім тұрғындармен кездесті

Қоңыраттың тұрғындарының басым көпшілігі зейнеткерлер, кеншілер, қаланың құрылысына қатысқан құрылысшылар. Қарапайым халық қоқыстың кесірінен зардап шегуі тиіс. Құрылыс аяқталғаннан кейін алғашқы жылдары бәрі жақсы болғанымен кейін бұл қарапайым қоқыс аймағына айналама деп қорқамыз. Полигонды Қоңырат елдімекенінен алысырақ салған дұрыс. 8 шақырым деген тым жақын, - дейді Қоңырат тұрғыны Наталья Маликова.

Еске салайық, Балқаш іргесіндегі Қоңырат елдімекенінің бір топ белсенділері жаңа қоқыс полигонынның құрылысына қарсылық білдіріп, полигонының құрылысы жалғасатын бола трассаны жабатындықтарын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы