Балқашта жолдар жөнделіп жатыр

6 Қазан 2023, 21:14
568
Бөлісу:
Балқашта жолдар жөнделіп жатыр
Фото: Арман Мухатов - архив

Балқашта ішкі жолдар қалпына келтіріліп жатыр. Қала жолының 55 пайызының күйі нашар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда 15 шақырым жолдың 13 шақырымы толық жөндеуден өтті. Ал келесі жылы шамамен 23 километр жол қайта жасалады. Сонымен қатар Балқаштың инженерлік желілерін жаңғыртуға биыл, бір жарым миллиард теңге бөлінді. 

Ең бірінші кезекте қаланың тозығы жеткен кәріз құбыры мен су құбырын ауыстыру, жылу құбырын ауыстыру керек. Оны ауыстырмай жол салып, бір жылдан кейін қайта қазатын болсақ ол қаржыны тиімсіз жұмсаған болады. Келер жылы да 20-25 шақырым деп отырмыз, - деді Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханов.

Өзгелердің жаңалығы