Балқашта жаңа AIR-112 тікұшағы тәулік бойы кезекшілікке кірісті

Жаңа тікұшақ тәулік бойы кезекшілік атқарып, адамдарды іздестіру және құтқару, санитариялық авиация қызметін көрсету, әуе мониторингін жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою міндеттерін орындайды.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 07:48
Бүгiн 2026, 07:48
149
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының жұмысын ресми түрде іске қосты.

Жаңа тікұшақ тәулік бойы кезекшілік атқарып, адамдарды іздестіру және құтқару, санитариялық авиация қызметін көрсету, әуе мониторингін жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою міндеттерін орындайды.

Авиациялық-құтқару жасақтарын дамыту және мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының командирі Абай Қоржынбайға қызметтік пәтердің кілті табысталды.

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Тікұшақты орналастыру үшін экипаж бен әуе кемесінің тәулік бойы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін жаңартылған авиациялық база дайындалған.

Балқашта авиациялық-құтқару жасағының құрылуы Төтенше жағдайлар министрлігінің AIR-112 авиациялық қызметін дамыту және ел аумағындағы авиациялық-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Жаңа бөлімше төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Наверх