Балқашта тозған су құбырлары мәселесі қалай шешіліп жатыр

5 Қазан 2023, 19:46
823
Бөлісу:
Балқашта тозған су құбырлары мәселесі қалай шешіліп жатыр
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету – Балқаштағы басты міндет. Қазір қалада сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Екі жыл ішінде 124 км құбыр ауыстырылады. Биыл 43 шақырым ретке келтірілді, келесі жылы толығымен аяқталуы тиіс.

Балқашқа жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ауыстырылатын су құбырының проблемалық учаскелерінде болды.

Бүгін Балқаштағы су құбырларының тозуы 75%-ға жетті, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханов.

Бұрын тұрғындардан жертөлелерді су басу және судың қысымы төмен деген шағымдар түскен. Бұл мәселелер шешілуде. Жоба 2024 жылы жалғасады. Жөндеу кезінде тұрғындарды қосымша сумен қамтамасыз етеміз, – деп атап өтті Темірхан Айдарханов.

Ермағанбет Бөлекпаев абаттандыруды созбауды тапсырды. Су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, жолдарды жөндеуге дереу кірісу қажеттілігі айтылды.

Балқашта тозған су құбырлары мәселесі қалай шешіліп жатыр

Балқашта жылыту маусымы басталды. Қала тұрғындарының үйлеріне жылу 3 қазаннан бастап беріле бастады. Биыл 18 км жылу желілері ауыстырылды.

Ермағанбет Бөлекпаев жағалауды абаттандырумен де танысты.

Қазіргі уақытта сыртқы су құбыры мен кәріз жұмыстары аяқталды, электрмен жабдықтау желілері орнатылуда.

Қазір жұмысшылар жағалау аймағында баспалдақ орнатумен айналысады. Біз жағажай орналасқан жағалау аймағын қамыстан тазарттық. 500 текшеге арналған арнайы резервуар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол бүкіл көгалдандыру жүйесін өздігінен суаруға арналған. Көгалдар, бұталар мен ағаштар отырғызу жоспарлануда. Біз орындықтар, урналар, субұрқақтар, перголалар, төсеніштер сатып аламыз. Шамдарды орнату жоспарланған. Жоба келесі жылы аяқталуы тиіс, – дейді "Балқаш Жібек Жолы" ЖШС директоры Мейір Смағұлов. 

Сондай-ақ өңір басшысы "Балқаш" қалалық спорт клубы мен "Металлург" спорт кешеніне барды. Жаттықтырушылар залдардың жетіспеушілігіне шағымданды. Балқаштықтардың спортқа деген қызығушылығы, әсіресе күреске деген қызығушылығы артып келеді.

Балқашта тозған су құбырлары мәселесі қалай шешіліп жатыр

Ермағанбет Бөлекпаев модульдік көпфункционалды спорт корттарын орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

"Қазақмыс Progress" кәсіпорнында облыс әкіміне инновациялық өнеркәсіптік жобалар ұсынылды. Мұнда селенді тазарту және қожды өңдеу цехы жұмыс істейді. Кондициялық емес мыс концентраттарын автоклавты қайта өңдеуді қалпына келтіру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы