Маусымның соңына дейін Балқаш жағасындағы қауіпті қалдықтар жойылады – Мырзағалиев

10 Маусым 2020, 16:10
1888
Бөлісу:
Маусымның соңына дейін Балқаш жағасындағы қауіпті қалдықтар жойылады – Мырзағалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылы министрлік ЮНИДО-мен (БҰҰ) Қазақстанға қауіпті қалдықтарды жою бойынша жабдықтар орнату туралы келісімге қол жеткізді. 

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.

Қарағанды облысының тұрғындарына "Дарьял-У" қауіпті қалдықтар мәселесі бойынша жұмыс шешімін тапқанын хабарлаймын. Бұл мәселе қалдықтарды қайта өңдеу мен шығару саласына қаржы бөлінбегендіктен,15 жыл бойы шешімін таппай тұрды. Біз аталған мәселені "ӨКМ" ЖШС-мен талқыладық, олар мәселені шешті, - деді ол. 

Министр маусым айының соңына дейін қаупті қалдықтар Балқаш көлінің жағасынан шығарылып, ЮНИДО-мен бірлескен жоба аясында жойылатынын айтты. 

Біз қалыптасқан экологиялық мәселелерді жылдам шешу керегін түсінеміз. Тиімді жұмыстар үшін әрбір өңір үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша мақсатты көрсеткіштер әзірленді. Олардың ерекшелігін ескере отырып және мемлекет басшысының тапсырмасы аясында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы