Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, жас балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.
Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Исаев Нұрлан болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы тұраққа жабылды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрбір дерекке принципиалды түрде құқықтық баға берілетін болады.
Жаппай демалыс орындары – қауіпті ойын-сауықтың орны емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп ескертті облыстық ПД.
Еске салсақ, Жамбыл облысының орталығы Таразда әйелді азаптап, денесіне күйік салды деген ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 15 шілде күні болған. Күдікті ер адам полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Тағы оқи отырыңыз: Көлік люгінен шығып отшашу атты: Жамбылда той кортежінің соңы сотпен аяқталды