Алматы облысы Балқаш ауданындағы қамыстың жануы туралы ТЖМ ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 шілдеде Балқаш ауданында Қараой ауылынан 30 шақырым жерде, "Іле-Балқаш "МТР" РММ аумағындағы жекелеген аралдарда екі кордон аумағында қамыс жанған.
Сөндіруге 16 адам, 8 бірлік техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ҰҰА жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ, - делінген ақпаратта.