Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балмұздақ бизнесі қызып тұр: экспорт 40%-ға артты

4 Шілде 2025, 14:23
807
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстандық балмұздақ шетел нарығын бағындыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстандық балмұздақ экспортқа шығып, қанатын кеңге жаюда. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.

2025 жылдың алғашқы бес айында шетелге 4,5 мың тоннаға жуық тәтті десерт жөнелтілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға көп, – делінген Статистика бюросының хабарламасында.

Қазақстандық өнім әсіресе ТМД елдері мен Қытайда үлкен сұранысқа ие.

Сатып алушыларды оның табиғи құрамы, дәм түрлерінің әртүрлілігі және бәсекеге қабілетті бағасы қызықтырған. Жалпы, жыл басынан бері елімізде 24 мың тоннаға жуық балмұздақ өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға артық. Осы көрсеткіш ішкі сұранысты толық дерлік қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Импорт нарықтың шамамен 15 пайызын ғана құрайды. Негізінен Ресей, Қырғызстан және Түркиядан әкелінеді. Жарты жылда Қазақстанға 3 мың тоннадай мұздатылған десерт импортталған, – деп көрсетілген ақпаратта.

Сарапшылардың пікірінше, егер қазіргі экспорт пен өндіріс қарқыны сақталса, Қазақстан балмұздақ жеткізуші жетекші елдердің біріне айнала алады.

Өзгелердің жаңалығы