Балқашта Шоқанның бейнесі муралға айналды

18 Қараша 2020, 23:06
3330
Бөлісу:
Балқашта Шоқанның бейнесі муралға айналды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаштағы Шоқан Уәлиханов көшесінде мурал пайда болды. Арт-нысан қазақтың ұлы ғалымы, этнограф және географының туғанына 185 жыл толуына орайластырылды. 

Сурет идеясы қала әкімі Ораз Тәуірбековке тиесілі. Идея бойынша композиция балқаштықтардың бойында патриоттық сезімді оятуы тиіс. Сурет қала тұрғындарын адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділдік және сатылмаушылық принциптерін дарытуға арналған.

Балқашта Шоқанның бейнесі муралға айналды

Танымал саяхатшының үлкен портретін салу үшін суретшілер бір апта уақыттарын жұмсаған. Тағы үш күн «Адалдық пен әділеттілік – адамның қадір-қасиеті» деген жазуға кетті.

Муралдың ең жоғарғы жағында - Балқаштың символикасы. «Мұнда Балқаш басталды» ескерткішінің белгісі, қаланың 70 жылдығына арналған 20 метрлік монумент, мәдениет сарайы, Ағыбай батыр мен алғашқы құрылысшыларға арналған ескерткіштер, қала мен зауытқа кіре берістегі ұшақ.

Жазбаның төменгі бөлігінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің эмблемалары бейнеленген. Мұнда бірыңғай қысқа сенім телефоны 1424 жазылған. Айта кету керек, «Адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әртүрлі креативті идеялар пайдаланылады. Мысалы, Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы супер қаһарманның арт-портреттері салынды.

Балқашта Шоқанның бейнесі муралға айналды

Шоқан Уәлихановқа арналған мурал қалада жасалған соңғы сурет емес. Жақында Балқаш көлі туралы аңызды баяндайтын ауқымды картинаны салу жұмысы аяқталды. Ол көпір арқылы қалаға кіре берістегі алғашқы бес қабатты үйді безендірді.

Аңыз бойынша Сұлу Іле мен Қаратал жігіт екі өзенге айналған. Қыздың Балқаш есімді әкесі оларға осындай қарғыс айтқан. Өзендер ешқашан бірікпеуі үшін сиқыршы Балқаш олардың арасына құлап, көлге айналды. Тұщы және тұзды су әртүрлі түстермен бейнеленген. Көбіктің бейнесінде қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген.

Қалада барлығы 10 қасбетті бояп, суреттер салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы