Балайым Кесебаева: Төтенше жағдайларда азаматтарымыз қайғы-қасіреттерімен жалғыз қалған жоқ

6 Желтоқсан 2021, 15:35
1187
Бөлісу:
Балайым Кесебаева: Төтенше жағдайларда азаматтарымыз қайғы-қасіреттерімен жалғыз қалған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы» деген тақырыпта өткен «Үкімет сағаты» кезінде Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева айтты.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні дүлей апаттар әлемде қаншама адамның өмірін алып, олардың денсаулығы мен күнделікті тіршілігіне әсер етіп жатыр.

Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындауының олардың әлеуметтік салаға және қоршаған ортаға теріс әсерінің жалпы әлемдік заңдылықтарынан тыс қалмайды. Қоршаған ортаға антропогендік әсердің жоғарылауы және елдің белсенді индустриялық дамуына байланысты теріс факторлар техногендік төтенше жағдайлардың туындауына алып келіп жатыр, - деді Балайым Кесебаева.

Оның сөзінше, соңғы 4 жылдың ішінде республика аумағында 56 783 ТЖ мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелген. Олардың салдарынан 9 047 адам зардап шегіп, өкінішке қарай, 2 875 адам қаза тапты. Материалдық залал 19,4 млрд теңгені құрайды.

Бұл жағдайда азаматтарымыз өз қайғы-қасіреттерімен жалғыз қалған жоқ. Мемлекет зардап шеккен халыққа қолдау көрсету және төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінде жыл сайын қаржылай қаражат көзделіп, мемлекеттік-материалдық резервтің ресурстары пайдаланылады, - деп атап өтті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

Кесебаева атағандай, төтенше жағдайларды болғызбау мүмкін емес. Алдын алу шараларын қолданып, олардың санын, ауқымын едәуір азайтып, салдарын жұмсартуға болады.

Өзгелердің жаңалығы