Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Баланың көзінше шылым шеккендер жазалануы мүмкін бе? – ІІМ жауап берді

Бүгiн, 13:25
145
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Сенатта өткен баспасөз брифингінде ата-аналар баланың көзінше темекі шеккені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай мәлімет шындыққа жанаспайды, бұған дейін де ІІМ бұл жөнінде ресми түрде жоққа шығарған.

Бүгінгі күні ештеңе өзгерген жоқ. Баланы тәрбиелеу міндетін орындамауға қатысты қылмыстық және әкімшілік заңнамада баптар бар, бірақ баланың көзінше темекі шеккені үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Егер тиісті нормалар енгізілетін болса, ведомство бұл туралы ресми түрде мәлімдейді, – деді вице-министр.

Ішкі істер министрінің орынбасары балалар тәрбиесі мен теріс үлгі көрсету мәселесі көбірек мораль мен ата-ананың жеке жауапкершілігіне қатысты екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қалыпты ата-ана балаға зиянды үлгі көрсетпеуі керек екенін айтты. Дегенмен мұны қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік арқылы реттеудің әзірге қажеті жоқ деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы