Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 10 қаңтарда Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласы Сотының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша, ҚР азаматы Сырым Шәрібек 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Адвокаттың ақпараты бойынша, айыпталушы тарап Сот шешіміне аппеляция беруді шешті. Апелляция қабылданбаған жағдайда, жазасын өтеу мерзімі Корея Республикасының аумағына келген сәттен, яғни 2019 жылдың 14 қазанынан бастап есептеледі. Қазіргі уақытта С. Шәрібек Чангвон қаласының түрмесінде, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда оқушыны қағып кетіп, кейін елге қашып кеткен қазақстандық мигрантқа қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған болатынбыз.