"Балаларыңның басына келсін". Байжанов Бишімбаевтың қарғағанын айтты

11 Сәуір 2024, 16:52
1946
Бөлісу:
"Балаларыңның басына келсін". Байжанов Бишімбаевтың қарғағанын айтты
Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысында Бақытжан Байжанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтан қандай қысым көргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бұл сөздің рас-өтірігін тексеру үшін жазылған аудиожазбаны тыңдап тексеруді ұсынып отыр.

Ол маған жедел жәрдемге бірге хабарластық деп айтайық деді . Егер сен айтпасаң, мен сені қарғаймын, балаңның, өз басыңа келсін деп қарғаймын деді, - дейді Бақытжан Байжанов.

Осыған дейін Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтты.

Сондай-ақ ол Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы