Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жолдаған болатын.
Біз кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жазаны едәуір қатаңдаттық. Алайда, бұл проблема әлі де ушығып тұр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылық алу және мерзімінен ерте босау құқығынан айырылып, мейлінше қатаң жазалануы керек. Олардың қауіпсіздігі бойынша жоғары түзету мекемелерінде оқшаулаған жөн, - деді Президент Жолдауда.
Жолдаудағы тапсырмаға сәйкес, кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендерге қарсы қылмыстар үшін санкция күшейтілді. Қаралатын қылмыстар ауқымы кеңейтілді. Мұндай қылмыс жасағандар барынша қауіпсіздігі бойынша жоғары түзету мекемелерінде жазасын өтеуі міндеттелді.
Сонымен қатар жеңіл жаза тағайындауға және жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға тыйым салынды. Мұндай істер алқабилер сотының қарауына берілмейтін болды.