Балаларға ақыл айтпас бұрын оларды танып алуымыз керек – Дархан Өте

18 Наурыз 2021, 17:29
2430
Бөлісу:
Балаларға ақыл айтпас бұрын оларды танып алуымыз керек – Дархан Өте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Рухани даму және ұлттық дәстүрлерді сақтау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Халықаралық «Білім-инновация» қоғамдық қорының президенті Дархан Өте балаларға ақыл айтпас бұрын оларды танып алуымыз керек деп айтты.

Біз өз концепциямызды құндылықтарға негізделген мектеп деп беріп отырмыз. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей, дәстүрдің тозығын тастап, ұлттық құндылықтарымыздың озығын қайта жаңғыртуымыз керек. Мұны жас ұрпақтың бойына қалай сіңіреміз деген сұрақ төңірегінде «Білім-инновация» лицейлерінде 30 жылға жуық жасап келе жатқан тәрбие жұмыстарын зерделеп, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып қарастырдық. XXI ғасыр жастарын еркін ойлау мен рухы, санасы азат, отаншылдықпен қатар заманауи дағдыларды бойына сіңірген азамат ретінде тәрбиелеу – қоғамның бірінші мәселесі. Назарбаев айтқандай, жасампаздық, үздіксіз білім алу, сыни тұрғыдан ойлау, осы үш қасиет маңызды рөл атқарады, - дейді Дархан Өте.

Оның айтуынша, ең алдымен балаларды танып алуымыз керек. Жедел дамып жатқан ақпараттық кеңістікте өмір сүрудеміз. Радио 35 жылда дамыса, теледидар 13 жылда, Facebook 3 жылда, Instagram 6 айда, Angry birds ойыны 35 күнде тараған. Бар болғаны 3 сағатта бүкіл әлемге тараған ақпарат та бар. Дархан Өте қазіргі балалардың өте ерекше жылдамдықпен дамып келе жатқандығын атап өтті.

Неміс психологы Эрвин Штраустың «Ұрпақтар теориясына» қарасақ, бір ғасырда бес түрлі ұрпақ өмір сүрудеміз. 1925-1942 жылдары дүниеге келгендер  –үнсіздер, 1943-1960 жылдардағы ұрпақ – бэби-бумерлер, 1961-1981 жылдардағы ұрпақ – белгісіз ұрпақ, 1982-1999 жылдардағы ұрпақ – миллениум ұрпақ, 2000 жылдан бері қарай Z ұрпақ дүниеге келді. Жаңа альфа ұрпақ енді бірінші сыныпқа барады. Бес ұрпақтың өмірге деген көзқарасы, қағидалары бес түрлі, - дейді ол.

Раушан АРМАНҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы