Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?

18 Мамыр 2023, 17:00
1046
Бөлісу:
Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?
PHOTO
Фото: автордан

Бірнеше аптадан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Осынау жауапты сәтте қостанайлық оқушылардың қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдегі тілшісі.

Қазіргі таңда әрбір ата-ана жазғы демалыс маусымында өз баласының барынша күш жинап, тынығатын демалыс орындарын іздестіріп жатқаны жасырын емес. Осыған байланысты Қостанайдағы 2023 жылғы жазғы сауықтыру науқаны қалай ұйымдастырылатынын білуді жөн көрдік. Жалпы қостанайлық оқушылар үшін мектеп жанындағы алаңдар, қала сыртындағы сауықтыру лагерлері, мектептен тыс ұйымдар әлеуметтік жобаларды іске асырып спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Нақтысын айтқанда оқушы мен ата-ана өзі қалаған демалыс нысандарын таңдап алуға барынша мүмкіндік жасалып отыр.

Жазғы кезеңде Қостанай қаласындағы отыз алты мектепте 1-10 сынып оқушыларына арналған 292 бейіндік алаң жұмыс істейтін болады. Оның сыртында, жеті қосымша білім беру ұйымында 202 үйірме менспорттық 19 секция ашылады.

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаеваның айтуына қарағанда, тіртіп бұзып, есепте тұрған балалар ерекше бақылауға алынбақ.

Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?

 Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім бөлімі екінші жыл бойы «Айсұлтан» волейбол лигасымен мен «Шанс» баскетбол лигасымен әріптестік ынтымақтастық орнатты. Бұл қадам бізге қала оқушылары арасынан 400-ден астам баланы қамтитын 33 баскетбол командасын, 300-ден астам баланы қамтитын 24 волейбол командасын қосымша қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Осы оқу жылы ішінде волейбол мен баскетболдан барлығы 90 спорттық жарыс ұйымдастырылды, - дейді Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева.

Сондай-ақ, биылғы тағы бір тың бастама қалалық білім бөлімі «Қостанай велосипед қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойыпты. Осы ынтымақтастықтың арқасында оқушылар мен ата-аналарды тарта отырып табиғат аясына велосипедпен серуендеу жоспарлануда.

Дәл қазір қаланың алты мектебіне негізгі қаражатты үнемдеу есебінен шамамен 4,5 млн теңгеге 62 велосипед сатып алды. Сондай -ақ, білім бөлімінің жалпы сомасы 25 млн теңгеге 272 велосипед сатып алуға бюджеттік өтінімі қаралуда, - дейді Гүлсім Оразбаева.

Қазіргі таіда қостанайлық ата-ана мен ұстаздар қауымын алаңдатып отырған ең өзекті мәселе балалардың жазғы уақыттағы қауіпсіздігі. Оның өзіндік себептеріде бар екен.

Балалардың жазғы демалысы қалай өтеді?

Біз үшін үлкен мәселе балалар жиналатын қараусыз қалған ғимараттар болып отыр. Жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нітижесіне сәйкес, Қостанайдағы мектеп аумақтарына жақын маңда 16 қараусыз қалған ғимарат бар. Ол жерлер қоғам үшінде, оқушы үшінде қауіпті аймақ. Біздің тараптан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бірақ, ойын баласы оны ұмытып кетуі мүмкін, - дейді Гүлсім Оразбаева.

Білім бөлімі қазірдің өзінде жазғы кезеңде жасөспірімдер көп жиналатын орындарда, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, түрлі суға шомылатын орындарда рейдтік іс-шаралардың апта сайынғы кестелерін бекітіп қойыты.

Қала әкімі Марат Жүндібаев полиция қызметкерлеріне рейдтік іс-шараларды өткізуге жан-жақты көмек көрсетіп, қауіпті нысандарды қатаң бақылауға алуды тапсырған көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы