Балалардың жазғы демалысы қандай лагерьлерде өтетіні белгілі болды

24 Мамыр 2021, 17:23
4502
Бөлісу:
Балалардың жазғы демалысы қандай лагерьлерде өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі туралы өткен брифингте айтты.

Елордада карантин шаралары сақталып отыр. Осыған орай біз ата-аналардың балалардың денсаулығына алаңдайтынын түсінеміз. Білім және ғылым министрлігі қала сыртындағы лагерьлердің жұмысы арқылы биыл балалар үшін жазғы демалыс «Қазақстан балалары жазды қуанышпен қарсы алады» деген акцияны жүзеге асырады, - деді ол.

Иманғазинова қандай лагерьде жазғы демалыстар ұйымдастырылатынын айтты.

240 орын - «Арман» туристік сауықтыру кешені, 100 орын – «Боровичок» сауықтыру лагері. Аталған лагерьлер қаладан 100 шақырым жерде, яғни Ақмола облысында орналасқан. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күнге 5 ауысымда, 7 маусым мен 10 тамыз аралығында ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді ол.

Оның айтуынша, «қызыл аймақта» болған кезде лагерьдің толымдығы 100 пайызды құрайды.

«Сары аймақта» 50 пайыз, «жасыл аймақта» шексіз толымдық болады. Бүгінгі таңда санитарлық бақылау органы мен Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Римма Иманғазинова.


Өзгелердің жаңалығы