Балалардың екпесіне қатысты жалған ақпарат тарады

24 Желтоқсан 2021, 09:46
1645
Бөлісу:
Балалардың екпесіне қатысты жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазнетте бес жасар қызбен әңгімелесіп жатқан дәрігердің видеосы тарады. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Дәрігер балаға COVID-19 қарсы вакцинацияға берілген келісімді оқып жатып, вакцина құрамында сынап, формальдегидтер, алынып тасталған нәрестелердің тіндері, ал жанама әсерлердің ішінде емделмейтін аурулар бар деп айтады. Мұның барлығы фейк.

Кәмелетке толмағандарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға ерікті түрде негізделген келісімді балалардың өздері емес, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері береді. 

Балалардың екпесіне қатысты жалған ақпарат тарады

Бұдан әрі Қазақстанда балаларды вакцинациялау үшін пайдаланылатын Pfizer-BioNTech өндірген Comirnaty вакцинасының құрамына формальдегидтер де, сынап та, әсіресе, алынып тасталған нәрестелердің тіндері де кірмейтіндігіне назар аударған жөн.

Препараттың құрамы баршаға қолжетімді, онымен кез келген адам таныса алады.

Вакцина құрамындағы әр компоненттің қасиеттері мен олардың функциялары туралы толық сипаттамасын Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми порталынан табуға болады. Сондай-ақ парақшада вакцинада жоқ компоненттер көрсетілген: металдар, соның ішінде сынап; тірі тіндер, соның ішінде нәресте тіндері; консерванттар; антибиотиктер және басқалар. Осы жерден препараттың әсерінен жиі болатын жағымсыз реакциялардың тізімімен танысуға болады. Оған видеода аталған аурулар кірмейді.
Фактчекерлер вакциналарда алынып тасталған нәрестелердің тіндері болатыны туралы теорияны жоққа шығарды. 

Сонымен қатар, таратылған видеода COVID-19 қарсы вакциналар «тәжірибелік гендік терапия» екендігі айтылған. Comirnaty вакцинасы тәжірибелік екпе емес, өйткені ол зертханалық сынақтардан өтті, жануарларда сыналды және еріктілердің клиникалық сынақтарының үш кезеңінен өтті.

Comirnaty вакцинасы гендік терапия құралы да емес, өйткені ол пациенттің геномына еніп, әсер ете алмайды.

Бұл туралы сарапшылар мен фактчекерлер бірнеше рет мәлімдеді. Бұл теорияның ресми теріске шығару туралы ақпарат ЮНИСЕФ, CDC және Австралия денсаулық сақтау министрлігінің порталында жарияланған.

Осылайша, таратылған видео басынан аяғына дейін фейк болып табылады және сенімді деректерді қамтымайды. Роликті вакцинацияға қарсы адамдар қоғамды адастыру және қорқыту үшін түсіргені анық.

Өзгелердің жаңалығы