Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймын – Аймағамбетов

6 Қаңтар 2022, 19:41
928
Бөлісу:
Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймын – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі ахуал өте күрделі. Таразының басында Отанымыздың және балаларымыздың болашағы тұр, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Экстремисттер заңдарды сорақы бұзды, әлі де бұзып жатыр. Бұл жағдай еліміздің азаматтарының өміріне және денсаулығына, мемлекетіміздің біртұтастығына қауіп төндіруде. Барлық әріптестерімді, достарым мен отандастарымды түрлі арандатуларға берілмеуге, келіп жатқан ақпараттарды тексеруге, тек ресми және сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырамын. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалыптасқан жағдай толық тұрақтанғанға дейін оларды үйден шығармауды, ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұраймын. Біз мектеп демалысын 17 қаңтарға дейін ұзарту бойынша шешім қабылдадық, - деп жазды ол.

Колледждер мен ЖОО студенттерінің демалысы  24 қаңтарға дейін жалғасады.

Балабақшалар жергілікті биліктің шешімімен әр елді-мекендегі ахуалға байланысты жұмыс істейді. Президентіміз Қ.К. Тоқаев жағдайды тұрақтандыру бойынша,  қауіпсіздігіміз және мемлекетіміздің біртұтастығын қамтамасыз етуге барлық шараларды қолдануда. Осы сын сағатта барлығыңызды сақтық танытуға, Отанымыздың қауіпсіз және бейбіт болашағы үшін жұмылуға шақырамын, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы