Балаларда коронавирустың жаңа белгілері анықталды

11 Желтоқсан 2020, 16:50
2361
Бөлісу:
Балаларда коронавирустың жаңа белгілері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зерттеуге қатысқан балалардың 83 пайызының терілері мен шырышты қабаттарында өзгерстердің пайда болатыны анықталды, деп жазды zakon.kz.

Нью-Йорк университенің ғалымдары вирусқа шалдығып, қабыну процестері болған балалардың симптоматикалық процестерін зерттеген. Осылайша балалар ағзасында COVID-19 кезінде болған бірқатар белгіні анықтаған. 

Вирустың қабыну процесі қатар жүрген балалардың тері мен шырышты қабаттарында өзгерістер болған. Атап айтқанда алақан мен беттері қызарып, көздері ісінген, сондай-ақ тілдері ашық қызыл реңкке боялған. Мұндай процесс қабыну жағдайында балалардың 83 пайызында болған. 

Ғалымдар сондай-ақ вирус өкпе қабынуымен қатар, жүрек, қан тамырлары мен баланың ми клеткаларын зақымдайды деген байламға келген.

Өзгелердің жаңалығы