Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балалар қауіпсіздігі басты назарда: ШҚО-да ЖЖИ слеті басталды

4 Тамыз 2025, 18:36
445
Бөлісу:
 IIM
PHOTO
Фото: IIM

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 3–13 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында Ғазиз Байтасов атындағы Жас жол инспекторларының республикалық 20-шы мерейтойлық слеті бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық 20 өңірінен, сондай-ақ ТМД елдерінен келген командалар қатысады. Жалпы саны 140-тан астам бала жиналды.

Балалар қауіпсіздігі басты назарда: ШҚО-да ЖЖИ слеті басталды

Аталған шараға қатысушы өңірлер: 
🔹 Астана, Алматы, Шымкент қалалары 
🔹Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, облысы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Абай облыстары мен Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Балалар қауіпсіздігі басты назарда: ШҚО-да ЖЖИ слеті басталды

Слетке қатысушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әр өңірден келген командаларды күтіп алып, «Дарын» лагеріне дейін қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етті.

Балалар қауіпсіздігі басты назарда: ШҚО-да ЖЖИ слеті басталды
Өзгелердің жаңалығы