Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Балалар еліміздің бас ұстазына хат жолдай алады

27 Мамыр 2025, 17:07
787
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  архив
Фото: Артём Чурсинов архив

Қазақстан балалары еліміздің бас ұстазына тікелей хат жолдай алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "Министрге хат" акциясы басталғанын жария етті.​ 

2025 жылғы 27 мамыр мен 1 маусым аралығында "Қазақстан балалары" онкүндігі аясында республикалық "Министрге хат" акциясы өтеді. ​ Акцияның мақсаты — балалардың өз ойларын ашық айтып, мектеп, қала немесе ел тұрмысына қатысты ұсыныс білдіруіне, сұрақ қоюына мүмкіндік беретін ашық диалог алаңын құру. ​ Хаттар келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: balalaruni2025@gmail.com. Өтініш білдіру форматы еркін: бұл мәтін, сурет, фотосурет немесе қолмен жазылған хаттың скан-нұсқасы, бейнежазба немесе презентация болуы мүмкін. ​ 

Хатта міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

 • баланың тегі мен аты;

 • оқу орны; 

• мекенжайы мен байланыс телефоны. ​ 

Акция қорытындысы бойынша Министр хаттармен жеке танысып, ең мазмұнды әрі шынайы хаттарға жеке жауап береді. ​"Министрге хат" — бұл әр баланың дауысы маңызды саналатын сенім мен құрмет алаңы.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тиіс деген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы