Балаға педофилдің кім екенін қалай түсіндіруге болады?

7 Тамыз 2021, 16:26
5330
Бөлісу:
Балаға педофилдің кім екенін қалай түсіндіруге болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «АНГЕЛ» Балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі, бала қауіпсіздігі бойынша алғашқы қазақстандық тренер-сарапшы Зарина Жұмағұлова қазіргі заманның індетіне айналған педофилдер туралы мәселені көтеріп, балаға оның кім екенін қалай дұрыс түсіндіруге болатынын айтып берді.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Көбінесе балалар педофил деген сөзді өздері де жиі естіп жүреді. Олар ата-аналарынан оның кім екенін және несімен қауіпті екенін сұрайды. Балаңызға педофилдің неліктен қауіпті екенін біртіндеп түсіндіру керек, - дейді ол.
Зарина Жұмағұлова ата-анаға түсіндіру барысында қажет сөз тіркестерін де дайындап берген. Олар балаға педофилдің кім екенін байыппен түсіндіруге көмектеседі.

1. Педофил - бала үшін қауіпті адам. 

2. Педофил - ләззат алу үшін балаларды пайдаланады.

3. Педофилге жалаңаш балаларға қараған ұнайды.

4. Педофилге балалардың интимдік жерінен ұстаған ұнайды (іш киім сыртынан).

5. Ол балаға ауыртпашылық жасай отырып, ләззат алады.

6. Ол балаға қарсы ауыр қылмыс жасайды.

7. Бұндай адамдар жалаңаш балаларды суретке немесе видеоға түсіреді. Бұл да қылмысқа жатады.

8. Педофилдер балаларға өз іш киімін шешіп, ішінде не бар екенін көрсетеді.

9. Педофил - өте қу адам. Ол саған бір құпияны сақтауды сұрайды. Егер бұл құпия саған ешқандай қуаныш әкелмесе, егер сен ұялып, өзіңді кінәлі сезінсең, маған бірден айтып бер, мен саған көмектесемін.

10. Бұл адам қандай да бір қауіпті жағдайды ойлап тауып, сені қорқытуы мүмкін. Мәселен егер сен құпияны біреуге айтсаң, жақындарыңа зиянын тигізем деп айтуы ықтимал. Бұл жағдайда сен оның қорқақ екенін түсін. Ол қорыққанынан кейін осылай істейді.

11. Егер сен жалаңаш балаларға қарағанды жақсы көретін адамдарды немесе балалардың көзінше мына жерді (шап тұсын көрсетіңіз) ұстайтын адамды көрсең, одан алыс жүргенің дұрыс.

12. Педофил әйел (апа) болуы мүмкін. Алайда көп жағдайда ер адам немесе ата педофил болып шығуы мүмкін.

Егер сіз балаңызға жыныстық қатынастың не екенін түсіндіріп, сөйлескен болсаңыз, сондай-ақ балаңыз жыныстық мүшелер атауларын білетін болса, келесі түсіндірмелереді де қоссаңыз болады.

13. Педофил - баламен жыныстық қатынасқа түскенді ұнататын адам. Бұл ауыр қылмыс және ол бұны жақсы біледі.

14. Педофил - сексуалдық ләззат алу үшін баланы қолданатын қылмыскер.

15. Педофилдер балалар бар порнографияны қарайды. Жалаңаш балаларды суретке, видеоға түсіреді. Бұл да қылмыс.

16. Сенің ең жақын досың педофил болуы мүмкін. Ол саған ерекше бір нәрсе істеуін өтініп, болған нәрсені құпия ретінде сақтауды сұрайды.

17. Ата-анаңның, жақындарыңның, достарыңның көзінше сүю, құшақтау - қауіпсіз. Ал сырт көзден тыс оңаша істелген осы әрекеттің барлығы - қауіпті!

18. Жыныстық қатынас тек екі ересек адамның арасында болады. Бұл туралы сен ер (бой) жетіп, 18-ден асқан кезде ғана ойлануыңа болады.

Кей кезде балалар сексуалдық құлдыққа түсіп жатады. Бұндай жағдайға тап болған балаға ауыр қылмыстар жасалады. Педофил деп аталатын адамдар адамзаттың проблемасына айналды. Егер достарыңның бірі сенімен басынан өткен оқиғасымен бөліссе, оған 111 сенім телефонына телефон соғуға кеңес беруіңе болады, - деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы