Балаева: Рамазан – ізгілік пен парасатқа үндейтін мезгіл

<h4> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ&nbsp;Ақпарат және қоғамдық даму министрі&nbsp;&nbsp;Аида&nbsp;Балаева&nbsp;еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен құттықтады.<br> </h4>

 13 Сәуір 2021 2021, 11:07
13 Сәуір 2021 2021, 11:07
2206

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Аида Балаева еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен құттықтады.

Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет, - деді министр. 

Сондай-ақ Аида Ғалымқызы «Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын» дей келе еліміздің барша мұсылман қауымының деніне саулық, отбасына амандық, бақ-береке тіледі.

Наверх