Балаева: Құрылтайдың мақсаты – қоғамдағы көкейкесті мәселелерді билікке жеткізу

Бөлісу:
Балаева: Құрылтайдың мақсаты – қоғамдағы көкейкесті мәселелерді билікке жеткізу
Фото: BAQ.KZ архив

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық құрылтай аясында өткен секцияда қандай мәселе назарда болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін қатысушылар секция жұмыстарына белсенді қатысты. Құрылтайдың осындай секцияларында әр саладағы көкейкесті мәселелер талқыланып қана қоймай, сонымен бірге оның шешілу жолдары да ұсыныс ретінде айтылады. Менің ойымша, құрылтайдың басты мақсаты - осы. Қоғамның пікірін есту, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді билікке жеткізу, - деді министр.

Балаева осы ретте құрылтай өзінің мақсатына сай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Түске дейінгі екі секцияда 120-дан астам ұсыныс келіп түсті. Оның барлығын тіркедік. Енді зерделеніп, жүзеге асырылу жолдары қарастырылады. Басты мақсат - қоғамдағы мәселелерді талқылап қана қоймай, қоғамдағы әсері мен ықпалы, - деп айтты министр.

Ол жиында қоғамдық тәртіп, отбасы құндылығы мәселелері де қарастырылғанын жеткізді.

Бала тәрбиесі, кітап саласының дамуы, өнер саласының дамуы - барлығы қоғамның дамуына ықпалын тигізеді, - деп толықтырды сөзін Мәдениет және ақпарат министрі.

Өзгелердің жаңалығы