Балаева "Қазақфильм" төңірегіндегі даудың себебін айтты

17 Қаңтар 2024, 16:15
2603
Бөлісу:
Балаева "Қазақфильм" төңірегіндегі даудың себебін айтты
Фото: - Архив

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қазақфильм" киностудиясы төңірегінде шыққан дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр ведомство тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді.

Бүгін мен аты аңызға Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы айналасында туындаған кейбір мәселелердің басын ашып, тоқталып өткенді жөн көрдім. Бұл - ең алдымен қаржылық, әкімшілік, экономикалық, инфрақұрылымдық сипаттағы жылдар бойы жиналған жүйелі проблемалар, - деді Аида Балаева.

Ведомство басышсының айтуынша, қаржылық мәселенің шығуына себеп - киностудияның өзін-өзі қамтамасыз етуге, табыс табуға заңдық тұрғыда мүмкіндігі болмауы.

19 жылдан бері кино түсіру құзыреті Ұлттық киноны қолдау орталығына берілген. Өз кезегінде Қазақфильм осы орталық қаржыландыратын жобаларға көппен бірге жалпы ережеге сәйкес қатысып келді. Нәтижесінде байқау талаптарына сай бөлінген қаражат киностудияның тек шығармашылық шығындарына жұмсалып, басқа шаруашылық мәселелері назардан тыс қалып отырды, - деді Балаева.

Министрдің сөзінше, бұрын жобалар мемтапсырыспен түсірілсе, енді байқау жарияланады. Онымен қоса, жобаға қатысушылардың өтініштерін жеке сарапшылар саралайды. Бұл орайда кино туралы заңға өзгерістер енгізу қарастылырып жатқанын да мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы