Балаева: Ораза айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі

13 Мамыр 2021, 08:15
1444
Бөлісу:
Балаева: Ораза айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт құтты болсын!

Адамзат баласын сабыр мен кешірімге, қанағат пен қайырымға шақырып, рухани жаңаруға үндейтін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. 

Осы айда ораза ұстап, амал жасаған барша азаматтардың дұға-ниеттерінің қабыл болуын тілеймін.

Ораза айтта – әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жандарға кеңінен қолдау көрсетіп, сауабы мол игі істер жасайды.

Өкінішке орай, биылғы Ораза айт да карантиндік шектеулер жағдайында келіп тұр.

Қажетті сақтық шараларын сақтап, төзімділік танытсақ, келер жылдың Ораза айтын қалыпты жағдайда қарсы аламыз деп үміттенемін.

Өкпе-ренішті ұмытып, қате-кемшіліктерді кешіруге үндейтін Ораза айтында баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-береке тілеймін.

Халқымыздың бірлігі нығайып, рухани ынтымағы арта берсін!

Айт мүбәрак болсын!

Өзгелердің жаңалығы