Балаева қазақстандық Медиа Альянстың төрағасымен кездесті

15 Қазан 2020, 16:58
2120
Бөлісу:
Балаева қазақстандық Медиа Альянстың төрағасымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық Медиа Альянс өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

Бүгін, 15 қазанда Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандық Медиа Альянс Басқармасының төрағасы Арманжан Байтасовпен кездесті.

Балаева қазақстандық Медиа Альянстың төрағасымен кездесті

Кездесу барысында Аида Балаева мен Арманжан Байтасов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстандық Медиа Альянс арасындағы Өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - делінген хабарламада.

Аида Балаева пандемия кезеңінде коммерциялық БАҚ-ты қолдау үшін министрлік қабылдаған шаралар, ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін және адами капитал сапасын арттыру бойынша жоспарлары туралы айтты.

Екі жақ саланың өзекті мәселелері, оның ішінде отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, журналистердің дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы пікір алмасты.

Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары айқындалды: ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды бірлесіп талқылау; медиа саласы мамандарын даярлау, қайта даярлау, сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру мәселелері; журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдемдесу.

Меморандум саланың өзекті мәселелерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы