Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында министр Аида Балаева мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы төрағасы Рик Демс кездесті.
Кездесуге Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшысы Л.Диас, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б. Нұрғазиева және Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қонаққа Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру жөніндегі жұмысымен таныстырды.
Кездесу барысында Аида Балаева Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен диалогты қолдаудың маңыздылығын айта келе, Қазақстанда адам құқықтарын нығайту мен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған шаралардың іске асырылуы туралы айтып берді.
Рик Демс ведомстволар қызметіндегі ортақ жұмыстың бағыттарын байқап, ҮЕҰ өкілдерімен азаматтық және саяси құқықтар мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар серіктестік негізінде сындарлы ынтымақтастыққа өзара қызығушылық танытты.