Балаева дауыс беруге неліктен түстен кейін келгенін түсіндірді

20 Қараша 2022, 15:12
1157
Бөлісу:
Балаева дауыс беруге неліктен түстен кейін келгенін түсіндірді
Фото: Артём Чурсинов

Президенттің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары дауыс беруге бұл жолы түстен кейін келді.

Өзім ұдайы таңертең келетінмін. Учаскеде кезек болады. Сондықтан бүгін халықпен жағаласпай, кезек басылғанда келейін деп шештім, – деді ол.

Аида Балаева ел болашағына немқұрайлы қарамайтындар қатарында екенін айтты.

Біздің болашағымыз тікелей мемлекет басшысына, оның саясатына байланысты. Сондықтан өзінің болашағына немқұрайлы қарамайтын адамдар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Мен де солардың қатарындамын, – деді Балаева.

Ол сондай-ақ ел үшін бастысы тұрақты даму екенін атады. Сондай-ақ сайланатын президенттің бағыты, бағдары жүзеге асады деп күтетінін жеткізді.

Күтіп қана қоймай, оған атсалысамыз. Өйткені барлығы тек президентке ғана байланысты емес, барлық қазақстандықтарға байланысты. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, алдымен сайлауға келу керек, - деді Балаева.

Айта кетейік, Балаева Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде тіркелген. Аталған учаскеде таңертеңнен бері ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы