Балаева АҚШ елшісімен кездесті

20 Қараша 2020, 13:49
1668
Бөлісу:
Балаева АҚШ елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті. 

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Министр Қазақстан мен АҚШ екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде, атап айтқанда, діни қызметті реттеу, оның ішінде адамның діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында жақын және сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның отандық медиа-саланы жаңғырту, мықты және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты дамыту, мемлекеттің қоғаммен және медиа-нарықтың кәсіби қатысушыларымен диалогы үшін жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, - делінген хабарламада. 

Өз кезегінде, елші министрліктің ақпарат, діни сенім бостандығы және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы қызметін, атап айтқанда, гранттық қаржыландыру аясында ҮЕҰ-ды қолдауды жоғары бағалады. 

Кездесу соңында тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы