Балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

6 Қазан 2023, 15:20
1320
Бөлісу:
Балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Informburo.kz мәліметінше, аталған жайт жыл сайынғы медициналық тексеріс кезінде белгілі болған.

Инфекциялық ауру жұқтырған қызметкер уақытша еңбек қабілеттілігінен айырылғандықтан демалысқа жіберілді. 

"Балдәурен" балабақшасының ғимаратында дезинфекция жүргізілді.

Дезинфекция процесі екі кезеңде жүргізілді. Мамандар алдымен балалардың тынығатын уақытында бассейнді және ойнау бөлмелерін, сондай-ақ ғимарат дәлізін дезинфекциялады. Кейіннен сағат 19.00-ден кейін ғимараттың қалған бөлігін залалсыздандырды, - делінген қалалық білім беру басқармасының хабарламасында.

Дүйсенбі, яғни 9 қазанда балабақшаның барлық қызметкері  медициналық тексерістен өтеді. Ал жұқпалы дертке шалдыққан қызметкермен байланыста болған балаларға Манту сынамасы жасалады. Білім беру басқармасы жедел топ құрды. Олар істі тергеумен айналысады. 

Басқармадағылар айтып өткендей, осы оқиғаға қатысты жаңартылған ақпарат алдағы уақытта міндетті түрде берілетін болады. 

Өзгелердің жаңалығы