Балабақша мәселесі: Депутат ваучерлік қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

7 Қараша 2024, 14:18
346
Бөлісу:
Балабақша мәселесі: Депутат ваучерлік қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев ваучерлік қаржыландыру механизмін тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат Оқу-ағарту министрлігінің ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу туралы бастамасы да қоғамда үлкен сынға ұшырап жатқанын айтты.

Ваучерлік механизмнің енгізілуі ата-аналар мен жекеменшік балабақша құрылтайшыларының қарсылығын туғызып жатыр. Олардың айтуынша, пилоттық жоба толыққанды дайындықсыз жүзеге асырылып жатыр. Қаржыландыру мен балаларды тізімге алу механизмінде көптеген олқылық бар. Пилоттық жобаға ұсыныстар министрге қолма-қол ұсынылса да, ескерілмеген. Оқу-ағарту министрін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жекеменшік балабақша құрылтайшылары әлі күнге дейін тосып жүр, - деді Балабиев.

Депутаттың сөзінше, Шымкентте, Түркістан және Жамбыл облыстарында мыңдаған балабақша құрылтайшылары ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мәжбүрлеп қостыру жүргізілгендігін айтып жүр.

Бұл жобаны қаржыландыру, балалардың тізімін жасақтау мен кезегін күттірмеу механизмінде олқылықтар өте көп. Тізімді жергілікті білім басқармалары бекітетін тұсы және Оқу-ағарту министрлігі ваучерлік қаржыландыруды «Қаржы орталығы» сілтеуі орынсыз деп санаймын. Жекеменшік балабақшалардың көпшілігі пилоттық жобаның кемшіліктеріне байланысты мемлекеттік тапсырысты орындаудан бас тартуға мәжбүр. Балабақшалар коммерциялық негізде бала қабылдауға ауысса, ең төменгі жалақысы 85 мың теңгенің 70 мың теңгесін төлей алмайды. Тек бір емес, бірнеше баласы бақшаға баратын отбасылар баршылық. Ал бұл ата-аналар үшін қосымша қаржылық ауыртпалық болары айтпаса да, түсінікті, - дейді Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған сауалында.

Депутат жекеменшік балабақшалардың мұңына құлақ түріп, ваучерлік қаржыландыру механизмін тоқтатуды және балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тапсырыс аясын кеңейтуді қарастыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы