Балабақша мейірбикелерінің жалақысы қашан өседі?

30 Сәуір 2021, 13:11
3231
Бөлісу:
Балабақша мейірбикелерінің жалақысы қашан өседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

Сауал авторының айтуынша, өткен жылдың бірінші қаңтарында мектеп мейірбикелерінің айлығы өскенде балабақша мейірбикелерінің жалақысы сол қалпында қалды. Олардың атқаратын қызметі мен жүктемесі бірдей. Автор өткен жылдың қазан айында осы сауалды министрлікке жолдап, бұл мәселе қарастырылуда деген жауап алды.

Біз бұл мәселемен таныспыз. Министрлік медициналық мекемелерден тыс жерде жұмыс істейтің медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру бойынша мәселені қарастырды. Сіздерді қуантқым келеді, Үкімет 30 наурыз күні қаулыға қол қойды. Соған сәйкес, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің жалақысы лауазымдық еңбекақысына сәйкес өзгерістер енгізілген коэфицентпен есептеледі. Сонымен қатар ол осы жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген жүктемелерге де қолданылады. Бір айта кетерлігі, бұл коэфицент барлық медициналық қызметкерге қатысты. Оның ішіне білім саласындағы мелициналық қызметкерлер де бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы