Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясына 30 жыл және Қазақстан Республикасында ратификацияланғанына 25 жыл толды.
Конвенция - бұл бірегей Халықаралық Балалар Конституциясы. Ол бала құқықтарының тізімі ғана емес, ең алдымен, мемлекет балалардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді.
Конвенцияны әлемнің 195 мемлекеті ратификациялаған.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған болатын.