Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Білім басқармалары кешеден бері бүкіл мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатқанын айтады.
Сондай-ақ Бейсембаев Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайтынын жеткізді.
Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі, - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, Астанада үстіне футбол қақпасы құлаған бала тіл тартпай кеткен еді.