Бала ма, бәле ме?! Семейде бір топ оқушы жас баланы тепкілеп тастаған

Бүгiн, 07:18
200
Бөлісу:
Бала ма, бәле ме?! Семейде бір топ оқушы жас баланы тепкілеп тастаған
Фото: архив

Семейде мектеп жасындағы бір топ оқушы жас баланы аяусыз соққыға жыққан. Бұл видеоны @kriminal_kazakhstan Telegram-арнасы жариялады. Абай облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәліметтерге сүйенсек, оқиға Семей қаласының 343-кварталында орын алған. Төрт жасөспірім №9 мектептің оқушысын соққыға жыққан және мүшеқапты үрлеуді бұйырады. Желіде таралған ақпараттарда балаға зәбір көрсетушілердің ішінде қыздар да болғандығы жазылған.

Абай облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ол арадағылардың барлығының жеке басы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер полицияға есепке қойылады. Олардың мінез-құлқын кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады, – дейді полиция.

Кейіннен зардап шеккен балаға психологиялық көмек көрсетілді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысындағы өкілі Эльзира Жүнісова айтты.

Өзгелердің жаңалығы