Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір жантүршігерлік статистиканы жариялады.
Дәрігерлер тірідей тоңазытқышқа салып, шетінеп кеткен Атырау облысындағы сәбидің өлімі қоғамды дүр сүлкіндірген болатын. Осы оқиғадан соң денсаулық министрлігі жер-жерде аудит жүргізіп жатыр екен.
"Атырау облысында барлық қайтыс болған жаңа туған нәрестелердің шыны препараттарынан алынған объективті деректер мен медициналық карталардың аудитінен кейін ел бойынша жаппай аудит жүргіздік. Талдау нәтижесінде материалдарды ұсынбаған Маңғыстау облысынан басқа, есепке алынбаған ерте неонаталдық өлім-жітімнің 277 нәресте өлімін жасырып қалу фактілерін анықтадық", - деді Елжан Біртанов.Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы дәрігер жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Сонымен қатар, Атырау облысының бас дәрігері нәресте өліміне қатысты пікір білдірген еді. Егер ақ халаттылардың кінәлары дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылулары мүмкін.
Сонымен қатар, Біртанов баланың өлімі туралы жазбаны өзгертуге болатынын айтқан еді.
Сондай-ақ бұған дейін Атырау перинаталдық орталығының 31 дәрігері жұмыстан шығу туралы өтініш жазғаны хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз: