Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 24-30 сәуір аралығында Қазақстанда иммундау апталығы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Вакцинамен бірге қорғанайық" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Оқи отырыңыз:
"Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған баспасөз-конференциясы халықты вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы хабардар ету үшін болып отыр. Біздің елдегі егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымына сәйкес келеді және Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің кестелеріне ұқсас", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Жыл сайын Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн адам, оның ішінде 1,3 бала егіледі. Елімізде мақсатты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%.
"Балаларды вакцинациялау жауапкершілігі ата-аналарда. Баласы ауырып, жаны қиналып жатқанда ата-ана вакцинациядан бас тарту туралы айтуға аузы бармай қалады, сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. "Онкологиялық дерттерге қарсы вакцина ойлап тапқан адамға алтын ескерткіш орнатуға болады" деген сөз бар. Бұл вакцинаның қаншалықты маңызды екенін аңғартады", - дейді Жандарбек Бекшин.