Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласында кезекте тұрғандар үшін екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 70 пайызға орындалды. Оның жанында тағы екі бес қабатты үйлер салынуда.
10-ықшамауданының 19-үйінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуникациялар дайын. Бірнеше айдан кейін алғашқы тұрғындар қоныстана алады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызын жинағандар 45 пәтер алады.
Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 120 мм, ал қабырғаның өзі 630 мм минералды плиталармен қапталған. Жақын жерде жылу трассасы өтеді. Жыл сайын екі бес қабатты үйді қолданысқа береміз, шағым жоқ, - дейді "Балқаш Жібек жолы" ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы Жандос Рахымберлинов.
Сегіз бригада жаңа құрылыстың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, басқа топ шатыр жабумен айналысады.
Бұл үйдің қарама-қарсы жағында тағы бір – №18 үй салынуда. Ондағы пәтерлер кезекте тұрғандарға жалға беріледі.
Құрылыс алаңында барлығы 40 балқаштық азамат жұмыс істеуде.
Жалға берілетін тұрғын үй кезекте тұрғандарға берілетін болады. Қазір Балқаш бойынша кезекте 1500 адам тұр. Бұл үйде 15 үш бөлмелі және тағыда сонша бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтер бар, - деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.
Сондай-ақ, Балқаш қаласының 10-шағын ауданында жер жұмыстары жүргізіліп, №16, 17 (90 пәтерлік) екі үйдің 90 пәтерлік құрылысы үшін іргетас дайындалуда. Оларды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін болады.