Балқашта баянды тірліктер атқарылуда

30 Сәуір 2020, 04:13
1704
Бөлісу:
Балқашта баянды тірліктер атқарылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Балқаш қаласында болған Қарағанды әкімі бірқатар жұмыстардың орындалу барысын айтты. Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында баян еткен.

Жұмыс сапарымен Қарағанды – Балқаш тас жолының учаскелеріндегі жол-құрылыс жұмыстарының барысын тексердім. Жалпы алғанда бұл жол арқылы көлік қозғалысы жыл соңына дейін қамтамасыз етілуі тиіс. Ал келесі жылы жолды абаттандыру жұмыстары жасалатын болады, - деп мәлім еткен.
Сонымен қатар карантин біраз тірлікке тосқауыл болғанын да жасырмаған әкім кестеден біраз артта қалушылықтар бар деді.

женис Балқаш.jpg

Бұл ретте мердігерлер жазғы кезеңде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына нұқсан келтірмей, бұл олқылықты ретке келтіретіндерін атап өтті. Жұмыстар жоспарға сәйкес іске асырылған жағдайда келер жылы солтүстік аймақтардың азаматтары жаңа жолдың игілігін көре алатын болады. Осы арқылы Балқаш көліне келетін туристердің ағыны молаяды деп күтілуде. Сондай-ақ Балқаш қаласынан Алматыға қарай Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жолдың құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлығы 880 бірлік техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылған.

Сонымен қатар Балқаш әуежайының ұшып-қону жолағы пайдалануға беріліп, ендігі жерде әуежай тәулік бойына жылдың кез келген мезгілінде бірінші сыныпты үлкен жүктерді тасымалдайтын ұшақтарды қабылдай алады. Сондай-ақ әуежай ғимаратын, рульдік жолақты және перронды қайта жаңғырту туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда курорттық аймақ жылына 80 мың адамды қабылдауға дайын. Әуе айлағын дамыту олардың ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ балқаштық тұрғындарды баспанамен қамту мәселесіндегі жұмыстардың орындалуын да айтқан.

Балқаш қаласы бойынша қазіргі уақытта халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтары үшін екі тұрғын үйді салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ биыл 134 пәтерлік тағы 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады.
балкаш 2.jpg

Әкім мамырда Балқаш ЖЭО-дан Қоңырат ықшам ауданына дейін жылу беру құбырының құрылысы басталатынын атап өткен.

Бұл жұмыстар 2022 жылға қарай 3500 тұрғынды жылумен қамту бойынша көпжылдық мәселені шешуге мүмкіндік беретін болады, – деп жазған аймақ басшысы.


Өзгелердің жаңалығы